Day: Мамыр 14, 2019

«Іздемпаз бауырсақтар»

Орталық балалар кітапхананың кішкентай оқырмандарына «Іздемпаз бауырсақтар» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Библиограф Е. Касенова балаларды анықтамалық құралдармен таныстырып, энциклопедиялармен қалай қолдануы жайлы айтып берді. Компьютермен жұмыс жасауға тапсырмалар берілді. Балалар үлкен қызығушылықпен Павлодар облысының, Қазақстан Ұлттық энциклопедияларын тамашалады, сонымен қатар транспорттар мен жануарлар туралы энциклопедияларға ерекше назар аударды.

«Жеті таңбаның арғы құпиясы»

Орталық балалар кітапханасында отбасылық оқырмандармен «Жеті таңбаның арғы құпиясы» атты квест – ойыны өткізілді. Шара барысында кітапханашы Г.Ж. Елюбаева Отбасы күнімен құттықтап, квест-ойынын ережесімен таныстырып, ойынды бастады. Ойын барысында әр өткен бекеттен, қатысушылар тапсырманы орындай отырып, бір таңба алулары қажет болды. Квест-ойыны өз мәресіне жетіп, достықпен аяқталып, сыйлықтар таратылды.