Day: Маусым 17, 2019

«Көңілді жаз»

Орталық балалар кітапханасында № 5 мектеп жанындағы “Эрудит” лагерь балаларының қатысуымен «Көңілді жаз» атты байқау бағдарламасы өткізілді. Байқау бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдер жаз тақырыбына арналды. Одан кейін балалар жаз туралы бейнеролик, мультфильмдер тамашалады.

«Ертегілер еліне саяхат»

Орталық балалар кітапханасында №26 мектептің «Ғажайып әлем» жазғы лагерьдің балаларының қатысуымен «Ертегілер еліне саяхат» атты мультсалон өткізілді. Библиограф Е.А. Қасенова балаларды кітапханамен таныстырып, ережелерін түсіндіріп өтті. Мультсалон саяхаты «Ертегілер әлемі» әнімен ашылды. Балалар, ертегілер еліне саяхат жасап, жасырынған ертегілерді жылдам, шапшаң табуға тырысты, өздерінің көп оқитындарын білдірді. Соңында «Темір және Айдаһар», «Қошқар мен Теке» атты […]

«Тастардың білгірі – Қосым»

Орталық қалалық балалар бөлімінің қызметкерлері қалалық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп әйгілі кентанушы Қ.Пшенбаевтың 175 жылдығына орай ескерткіші жанында тарихи круиз ұйымдастырды. Шараға Екібастұз ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Next» ұрпағының оқушылары, «Жас өлкетанушы» үйірме жетекшісі қатысты. Шара барысында музей қызметкері Қ. Пішенбаевтың өмірі, еліне сіңірген еңбегі туралы қысқаша баяндап өтті. Қосым Пішенбаев тапқан көмірді игеру нәтижесінде Екібастұздай әсем […]