Day: Маусым 19, 2019

«Ертегі әлемі шақырады»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының мектеп жанындағы “Радуга” лагерьінің балаларына халық ертегілеріне арналған «Ертегі әлемі шақырады» атты әдеби марафон өткізді. Шара барысында балалар ойындар ойнап, қазақ, орыс және шетел халық ертегілерінен тұратын викториналық сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді. Іс шараның сонында кітап көрмесіне шолу жасалды.