Month: Қыркүйек 2019

«Кітап қалашығында қонақта»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде №16 “Балдәурен” балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап «Кітап қалашығында қонақта» атты экскурсия ұйымдастырылды. Жас оқырмандарды қарсы алған кітапханашы, балаларға арналған басылым журналдармен, кітапхана ережелерімен таныстыра отырып, дыбысты, көркемсуретті, көлемді кітаптарға шолу жасады. Экскурсия соңында балалар ОҚК оқу залымен танысып, “Винни Пух идет в гости”, “Нехочуха” мультфильмдерін тамашалады. Кішкентай оқырмандарымыз уақыттарын танымды және […]

«Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі»

Ақын М. Жаманбалинов атамыздың туғанына 95 жыл толуына орай ОБК және Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімі бірігіп «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» атты оқуларын өткізді. Шараға №26 мектептің оқушылары шақырылды. Шара басында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылып, «Мүбәрак атамыздың фотосуреттері» атты бейнебаяның ұсынды. Содан соң ақының «Туған жерге жетпейді», «Жаңбыр», «Көлде», «Алма ағашы», «Күж жалмауыз […]

«Пайеткалардан жапсыру»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға “Дарынды саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Пайеткалардан жапсыру» атты шеберлік-сынып өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі түсті қағаздармен жапсыру жасау жолдарын көрсетті. Шара соңында кітапханашы Т. Ракишева үйірме мүшелерін кітапханың жаңа басылымдарымен таныстырды.

«Кітап үйіне шақырамыз» экскурсиясы

Орталық балалар кітапханасында “Өмір”оңалту орталығының балаларымен экскурсия өтті. Экскурсия барысында кітапхананың кітап қоры мен жұмыс орын ережесі жайлы ақпарат беріліп, көркем әсем кітап көрмелерімен таныстырылды. Сонымен қатар оқу залында “Мысық, әтеш және түлкі” қуыршақ спектаклін тамашалап. Экскурсия соңында “Қатені түзеу”, “Мерекеде не рұқсат етіледі және тыйым салынады”, “Кірпі”сөз ойындары мен тамамдалды.

«Тіл – ұлт мәдениетінің қазынасы»

ҚР-ның тілдер мерекесіне № 4 балалар бөлімінің (Солнечный кенті) кітапханашылары «Тіл – ұлт мәдениетінің қазынасы» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Іс-шараға № 16 ЖОББ мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Г.Ж. Букеева оқушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтере білуге, танымдылық қабілетін арттыра түсті. Қатысушылар үлкен сезім арқылы әдеби […]

«Ана мен әкенің қолғанаты»

Отбасы күні қарсаңында «Отбасы кафесі» клубы аясында Орталық балалар кітапханасында «Ана мен әкенің қолғанаты» атты спорттық фестивалі өтті. Шараға кітапхананың отбасылық оқырмандары қатысты. Спорттық фестивальда отбасылар екі топқа бөліне отырып, түрлі ойындар, сурет салу, өлең оқып сайысмыздың сәнін келтірді. Шара соңында қатысушыларға сыйлық таратылып, естелікке сүретке түсті.

«Жыл он екі ай» балдырғандар сырласы»

3 қыркүйек күні Орталық балалар кітапханасында кітапханалық сабақ өтті. Орталық балалар кітапханасында №5 ЖОБМ 3а сынып оқушыларына «Жыл он екі ай» балдырғандар сырласы» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақ барысында библиограф Е. Касенова журналдың шығу тарихымен қатар, мазмұнымен таныстырып өтті. Содан соң балаларға жұмбақ жасырылып, журналмен таныса отырып, қызығушылықтары артты.