Day: Қазан 14, 2019

«Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне «Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!» атты саяхатқа №24 «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Кітапханашы Хохлова Т.Ю. балаларды қазақ және орыс тілдеріндегі әдемі көркемделген, түрлі-түсті бояулы кітаптармен: дыбыстық, экрандық кітаптармен, «Балаларға базарлық», «Волшебная книга», «Планета сказок» сериясымен шыққан, басылым журналдармен таныстырылды. Балалар экскурсия соңында ОҚК оқу залымен танысып, мульфильм тамашалады.