Month: Қараша 2019

«Фариза апамызбен мақтанамыз»

№ 4 балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Фариза Оңғарсыновның 80 жылдығына орай «Фариза апамызбен мақтанамыз» атты әдеби кеші өткізілді. Іс-шараға № 28 мектебінің 7 «А/Ә» сынып оқушылары шақырылды. Осыған орай «Фариза апамызбен мақтанамыз» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашылар оқушыларды ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстырып, бейнефильм көрсетті. Оқушылар Е.Айбар «Домбыра», Д.Баймухамбет «Сабақ», А.Сыздықова «Туған […]

«Тұлға феномені»

“Екібастұз қаласының Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, мүмкіндігі шектеулі балаларды күту бөлімшесі” КММ – нің балалар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған ОҚК-нің оқу залында Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы – Т. Рақышев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н. Ә. Назарбаевқа арналған шара өткізді. Іс – шара “1 желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президенті Күні” атты бейнероликті көрсетумен […]

«Дана сөзін өмірге арнаған…»

Орталық қалалық кітапхананың оқу залында № 35 орта мектептің 4а,б сынып оқушыларымен «Дана сөзін өмірге арнаған…» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Кездесу кешіне ақын, публицист, көркем оқу мектебінің жетекшісі Сағитова Ү.С. қатысты. Сағитова Ү.С. өзінің сөзін желтоқсан айында өтетін мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздік күніне арнады. Бұл тақырыптың жалғасы ретінде ол […]

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №26 мектептің 6 сынып оқушыларымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты библиографиялық күні өткізілді. Библиография күнінің негізін «Балдәурен жыршысы» буктрейлері құрады. Буктрейлер Б.Соқпақбаевтың кітаптарынан және «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділерінен құрастырылды. Библиография күнін Е.Касенова өткізді және ол қазақ балалар жазушыларының, оның ішінде Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы […]

“Балалар құқығының конвенциясы”

15 қараша күні ОБК-да “Балалар құқығының конвенциясы”- атты викторинасы өтті. Жүргізуші осы күннің тарихы мен маңыздылығы туралы айтып берді. Ертегі викториналарының көмегімен балалар өз құқықтары мен міндеттерін естеріне түсірді. Әр бала өз құқықтары мен міндеттерін білуі және пайдалану керек екендігі туралы қорытынды жасады. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар анықталып, сыйлықа ие болды.

«Ертегі еліне саяхат»

Орталық қалалық балалар кітапхана кітапханашылары №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушыларына «Ертегі еліне саяхат» атты әдеби-ойын ұйымдастырды. Шара барысында балалар әдеби, халық ертегілер еліне сапарға аттанды. Оқушылар өздерінің сүйікті ертегілерін естеріне түсіріп, сонымен қатар «Ертегілік сандық», «Бұл әуен қай ертегіден?» «Суреттен ертегінің кейіпкерін тап» атты сайыстарға қатысты.

«Бір ел – бір кітап»

«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша № 4 балалар кітапханасында (Солнечный кенті) ақын Ә.Тәжібаевтың «Сыр жырлары» атты әдеби кеші өткізілді. Шараға қітапхананың оқырмандары шақырылды. Кітапханашы А.Кусаинова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстра отырып, бейнебаян ұсынды. № 28, 16 мектеп оқушылары М.Сәрсембаева «Толқын жел», А.Өтемұратова «Бір досқа», Г.Жұмағазина «Жер туралы үш өлең», О.Мараховская «Сен және мен», […]

«Жіптерден жасалған сәндік панно»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Жіптерден жасалған сәндік панно» атты мастер-классы өткізілді. Бүгінгі мастер-класстың тақырыбы «Жіп графикасы» деп аталды. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға әр түрлі-түсті жүн жіптерінен безендіруді үйретті. Кітапханашы Т.Ракишева тақырыптық әдебиеттерімен, кітапхананың мерзімді басылымдарымен балаларды таныстырып өтті.

«Балалар күлкісінің әлемі»

Күзгі демалыс аралығында Орталық қалалық балалар бөлімінің кітапханашылары №10 мектептің 1-3 сынып оқушыларына арнап «Балалар күлкісінің әлемі» атты танымдық ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама барысында сайыс, ойын өткізіліп, өлең, шығармалардан үзінді оқылды. Шара соңында экскурсия жүргізіліп, балаларға кітапхана визиткалары үлестірілді.