Day: Қараша 8, 2019

«Ертегі еліне саяхат»

Орталық қалалық балалар кітапхана кітапханашылары №19 арнайы жалпы білім беру мектебінің оқушыларына «Ертегі еліне саяхат» атты әдеби-ойын ұйымдастырды. Шара барысында балалар әдеби, халық ертегілер еліне сапарға аттанды. Оқушылар өздерінің сүйікті ертегілерін естеріне түсіріп, сонымен қатар «Ертегілік сандық», «Бұл әуен қай ертегіден?» «Суреттен ертегінің кейіпкерін тап» атты сайыстарға қатысты.

«Бір ел – бір кітап»

«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша № 4 балалар кітапханасында (Солнечный кенті) ақын Ә.Тәжібаевтың «Сыр жырлары» атты әдеби кеші өткізілді. Шараға қітапхананың оқырмандары шақырылды. Кітапханашы А.Кусаинова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстра отырып, бейнебаян ұсынды. № 28, 16 мектеп оқушылары М.Сәрсембаева «Толқын жел», А.Өтемұратова «Бір досқа», Г.Жұмағазина «Жер туралы үш өлең», О.Мараховская «Сен және мен», […]