Month: Желтоқсан 2019

“Жаңа жылдық шыршадағы әшекейлер”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында Жаңа жылға арнап “Жаңа жылдық шыршадағы әшекейлер” атты мастер-классы өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегі арқылы балаларға бірге үй-жайдың интерьерін және шыршаны безендіруді, өз қолдарымен әшекейлеуді үйрете отырып, сонымен қатар балалар кітапхананыда безендірді. Кітапханашы Т.Ракишева қонақтарды шараға арналған кітап көрмесімен таныстырды.

«Қожанасыр хикаялары»

Орталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен №22 «Балбөбек» балабақшасының «Еркетай» тобында «Қожанасырдың хикаялары» атты дауыстап оқу өткізілді. Дауыстап оқу үшін Қожанасырдың хикаялары таңдалып алынды. Шараны кітапханашы Г.Сембаева Қожанасыр жайлы кім біледі?, қандай қызықты хикаяларын білесіңдер? деп сұрақ арқылы бастады. Содан соң «Қожанасыр мен Алдар», «Қожанасыр мен патша», «Қожаның саудасы» атты хиқаяларын дауыстап оқып беріп, «Ертегі әлеміне саяхат» […]

«Жүз түсті, жүз достар»

Орталық балалар кітапхана кітапханашысы Г.Сарымованың ұйымдастыруымен № 8 «Теремок» балабақшасының «Балдырған» тобында «Жүз түсті, жүз достар» атты дауыстап оқу өткізді. Дауыстап оқу үшін К. Ушинский мен В.Бианканың шығармалары таңдап алынды. Шығармалары жануарлар мен құстар, табиғат құбылыстары туралы жазылған болатын. Сонымен қатар балаларға жұмбақ жасырылып, шешуін тапты. «Жануарлар – балалар кітабының кейіпкерлері» атты кітап көрмесімен танысты.

«Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстан»

“Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-нің балалары мен ұстаздарына Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімшесінің кітапханашысы Т. Е. Ракишева «Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстаным» атты ҚР Тәуелсіздік күніне арналған патриот күнін өткізді. Кітапханашы Т.Ракишева мерекемен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғалары туралы әңгімеледі. Кітапханашының әңгімесі тақырыптық өлеңдер, фото және бейнематериалдармен сүйемелденді. Қатысушылар […]

«Оқу сәті»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқу сәті» атты мерзімді басылымдар күні өтті. Оқырмандарға балалар газеттері мен журналдары көрсетілді. Екі күн бойы “Әлемдегі барлық қызықты оқиғалар туралы, журнал мен газеттен біл” атты шолулар өткізілді. Мерзімді басылымдардан балаларға әртүрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар, зейінді тесттер ұсынылды. Соңында кітапханашылар […]

«Өз қолымен әшекей: жіптегі гүлдер»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Өз қолымен әшекей: жіптегі гүлдер» атты мастер-классы өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі-түсті қағазды, жіптерді, желімді, қайшыларды пайдалана отырып, үй-жайдың декорациясына арналған жіптерден гүл жасау бойынша мастер-класс көрсетті.