Day: Қаңтар 6, 2020

«Қарапайым қолғаптың тарихы»

Орталық балалар кітапханасының «Білімпаз» атты кітапханалық клуб шеңберінде «Қарапайым қолғаптың тарихы» атты қолғаптар күні өтті. Іс-шараға «Үміт» балаларды қолдау орталығының балалары қатысты. Кітапханашы Г. Сарымова қолғап, биялай қалай пайда болғанына, қандай материалдардан жасалатыны мен тоқылатыны жайлы және немен безендірілетіне тоқталып өтті. Сонымен қатар балаларға жұмбақ жасырып, көңілді ойындар ұйымдастырды. Шара соңында “Рукавичка” атты мультфильм көрсетілді.