Month: Қараша 2020

«Өз құқығымды білгім келеді»

Орталық балалар кітапханасы Дүниежүзілік балалар күніне орай «Өз құқығымды білгім келеді» атты онлайн құқықтық сағатын өткізді. Кітапханашы онлайн сағат арқылы «Бала құқықтары туралы конвенция» жайлы толық мәлімет беріп, сондай-ақ балалардың ең маңызды құқықтарын атап өтті.

“Права ребенка”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева Дүниежүзілік балалар күніне арналған онлайн ақпарат-көрме ұйымдастырды. Тақырыпқа сай ұйымдастырылған онлайн ақпарат-көрме Балалар құқықтары туралы конвенция жайында балаларды ақпараттандыру, құқықтық білімдерін тереңдету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге арналған. Сонымен қатар бейнематериалда шұғыл құтқару қызметінің телефон нөмірлері көрсетілген. Іс-шараны толығымен біздің әлеуметтік желіміздің аккаунттарынан тамашалай аласыздар.

«Добрые уроки грустной истории»

Жазушы Габриэль Николаевич Троепольскийдің туғанына 115 жыл толуына орай Орталық балалар кітапханасының оқу залында Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының балаларымен Г.Н.Троепольскийдің «Белый Бим Черное ухо» кітабы аясында «Добрые уроки грустной истории» атты онлайн ой-толғау сабағы өткізілді. Іс-шара барысында «Белый Бим Черное ухо» кітабын оқыған балалар арасында повестегі ізгілік, парасаттылық пен әділдік идеялары […]

“Путешествие в страну Журналию…”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е. Ракишева балалар бөлімінің кітап қорына тиесілі қазақ және орыс тілдеріндегі балалар басылымдарына арналған ақпарат күнін онлайн форматта өткізді. Бейнероликте «Айгөлек», «Балалар әлемі», «Маша мен аю», «Умняшины книжки» сияқты республикалық және ресейлік балалар басылымдары, сондай-ақ «Ұлан», «3/9 царство» және т.б. балалар газеттері жайлы мол мағлұмат берілді. Жас оқырмандардың назарына […]

Назар аударыңыздар! Аса маңызды хабарландыру!

Құрметті оқырмандар мен пайдаланушылар! Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап Екібастұз қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалары жабық. Біздің кітапханамыздың 6 электрондық ресурсымен, сондай -ақ әлеуметтік желілердегі аккаунтарымен таныса аласыздар. Барлық сілтемелер кітапханамыздың lib-ekb.kz сайтында көрсетілген. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!