Month: Желтоқсан 2020

Жаңа жыл мерекесімен

Аппақ қардай көңілі пәк балақайлар! Сендерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Келіп жеткен жыл сендерге тек жақсылықтарын сыйласын, қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат болыңдар! Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүздеріңнен тек қана нұрлы күлкі көрейік! Оқуда озат болып, кітапханамыздан алатын білімдерің көп болсын!

Жаңа жылда – жаңа кітаппен!

Балалар үшін, Жаңа жыл – ерекше мереке. Мерекеге орай Екібастұз орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова балаларға арнап мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне жаңадан түскен «Дисней» сериясынан «Мұзды өлке», «Мерекелік тақпақтар», «Қар Ханшайымы», «Әйбат ертегілер» топтамасынан «Ақшақар», ашылмалы суреттермен әшекейленген «Іскер аюлар», «Балдәурен», «Балдырған» журналдары, орыс тілдерінде «Елочка, зажгись!», […]

“Кітап бұрқасыны”

Жаңа жыл – балалар асыға күтетін, армандар орындалатын көңілді және сиқырға толы ерекше мереке. Осыған орай, Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері әлеуметтік желілердің жас пайдаланушыларына “Книжная метель” атты буктрейлер ұйымдастырды. Буктрейлерде қыс мезгілі, Жаңа жыл туралы балаларға арналған кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, буктрейлерде кітаптар желісінде түсірілген фильмдер мен мультфильмдерден үзінділер келтірілген. Жаңа жылдық мереке қарсаңында кітапхана қызметкерлері […]

«Кітап патшалығы»

Екібастұз орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова «Кітап патшалығы» атты онлайн саяхат ұйымдастырды. Бүлдіршіндердің назарына жаңылтпаштар, сиқырлы пшіндер мен сандар әлемінде, сиқырлы кітап, ертегілер елінде, балаларға базарлық сериясы толықтай көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынды.