Month: Наурыз 2021

«Кітапхана – білім мекені»

Қымбатты жас оқырмандар! 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланды. Осыған орай, Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері «Балалар кітабы апталығы» аясында «Кітапхана – білім мекені» атты онлайн саяхатты назарларыңызға ұсынады. Кітапханада таңғажайып ертегілер, әр-түрлі шытырман оқиғаларға толы жаңа кітаптар, 1001 сұраққа жауап алатын энциклопедиялар, түрлі-түсті суреттермен оюлап безендірілген […]

«Мен әлемді танимын»

Орталық балалар кітапханасының ұжымы «Мен әлемді танимын» атты кітапханалық сабағын ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітаптың шығу тарихы, сондай-ақ біздің кітапхана қорына тиесілі кітаптар топтамасымен таныстырып өтті. Сабақ соңында кітаптар бойынша тапсырма берілді.

«Қауырсын қалам»

Екібастұз ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова мен ОБК меңгерушісі Г.Ж.Елубаева 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында және балалар кітабы апталығының ашылу салтанатына орай балаларға арнап қалам тербеп жүрген жас ақын Ардақ Жұмағалиевамен «Қауырсын қалам» атты кездесу өткізді. Аталмыш іс-шараға № 25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары, сынып […]

«Ұлттық ою-өрнек»

Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Қазақ халқы ежелден өнерді бағалап, әрі ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп жеткізе білген. Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына […]

«Болмаған балалық шақ»

Орталық балалар кітапханасында Қазақстанның жас жазушысы Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Болмаған балалық шақ» повесі – 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма. Ақын Ақберен Елгезектің проза жанрында шығып отырған тұңғыш кітабы. Бұл кітаптың қосар үлесі ата – аналар үшін, ересек […]

«Ертеде бір ертегіші болыпты»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Е.Шварцтың 125 жылдығына орай «Ертеде бір ертегіші болыпты» атты библиография күнін ұйымдастырды. Библиография күні «Евгений Шварцтың ғажайып қобдишасы» атты буктрейлерінен құрастырылған. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Е.Шварцтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Кішкентай тыңдармандар «Жоғалған уақыт туралы ертегі» фильмінен үзінді тамашалады. Іс-шара виртуалды кітап көрмесіне шолу жасаумен өз мәресіне жетті.