Month: Мамыр 2021

«Шын дос – асыл қазына»

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының ұжымы облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей интернатының 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Шын дос – асыл қазына» атты пікірталас өткізді. Пікірталасты Абай атамыз бен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Дос» туралы өлең жолдарымен бастағанды жөн көрдік. Бұл өлең шумақтарынан не ұқтыңыздар деген сұраққа оқушылар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе […]

«Алтыннана шашу шашқан орыс сөздері»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Ракишева Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай «Алтыннана шашу шашқан орыс сөздері» онлайн кітапханалық сабағын өткізді. Елімізде орын алған шектеу шараларына байланысты іс-шара онлайн форматта өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, бейнебаян дайындалды. Кирилл мен Мефодий тарихқа ең алдымен славян алфавитін жасаушылар ретінде енді. Кирилл мен Мефодийдің славян алфавитін құру тарихы, […]

«Бәріміз бірге оқиық!»

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Бектасова «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Бәріміз бірге оқиық!» атты әдеби уикенд шарасын өткізді. Іс-шара Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының қабырғасында өтті. Аталмыш іс-шараға лицей-интернатының 7 […]

«Русской речи государь, по прозванию Словарь»

Орталық балалар кітапханасында «Русской речи государь, по прозванию Словарь» кітапханалық сабағы өтті. Аталмыш сабақтың мақсаты – балалардың сөздіктер туралы білімдерін кеңейту, олардың әртүрлілігі мен әрқайсысының мақсатын көрсету, сөздіктермен практикалық жұмыс дағдыларын бекіту, кітаппен жұмыс мәдениетін тәрбиелеу. Басты міндеті – әр түрлі сөздіктерді қолдануға үйрету. Іс-шара барысында балалар бейнеролик тамашалап, бейнероликте сөздік және сөздіктердің түрлері, оларды […]

«Қызыл телпек»

Орталық балалар кітапханасы «Сөйлейтін кітап» клубы аясында әлеуметтік желілердің кішкентай тыңдаушыларына арнап «Қызыл телпек» /Шарль Перро/ ертегісі бойынша онлайн дауыстап оқу шарасын өткізді

«Отбасы – ұлттың тірегі»

Орталық балалар кітапханасының ұжымы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» атты онлайн тәрбие сағатын өткізді. Іс – шара төрт кезеңнен тұрды. 1.Таныстыру (отбасымен таныстыру) 2. «Ашық микрофон» (балаларға отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады) 3. «Менің отбасым – менің байлығым»(әркім өз өнерлерін көрсетеді) 4. «Сіз балаңызды қаншалықты жақсы білесіз? (бұл бөлім […]

«Ұлдар әскери борыштарын өтеу керек»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т. Ракишева 7 – Мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлдар әскери борыштарын өтеу керек» атты интеллектуариум ұйымдастырды. Елімізде орын алған шектеу шараларына байланысты іс-шара онлайн форматта өтті. Бейнебаянда аталмыш мерекенің шығу тарихы, қазақстандық әскердің құрамы, ҚР Республикалық ұланының құрылуы жайында қысқаша ақпарат келтірілді. Іс-шараның ойын бөлімінде ер балаларға «Мен солдат боламын» […]