Month: Маусым 2021

«Халықтың рухы рәміздерде»

Екібастұз ОҚК балалар қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің күніне орай «Халықтың рухы рәміздерде» атты онлайн форматта ойын-викторина дайындады. Кітапхананың оқырмандары белсене ат салысып, онлайн форматта мына сұрақтарға жауап берді. 1. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? жауап: Әділет Житенов 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторын білесің бе? жауап: Іңкәр Әнес 3. […]

Бала бақытты – жарқын болашақ!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шахтер» қалалық саябағында «Бала бақытты – жарқын болашақ» РR-акциясы өтті. Осыған орай ОҚК және ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері кітап көрмесін дайындады. Түрлі-түсті кітап көрмесі көпшілік қауымның назарын аударды. Иллюстрацияланған ертегілер, тартымды әңгімелер, техника мен табиғат туралы әдебиеттер, балалар детективтері және т.б. оқырман жанын бей-жай қалдырмады. Ата-аналар мен […]

Халықаралық балаларды қорғау күнімен!

Қымбатты балақайлар! Сіздерді 1– ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елдің ертеңгі болашағы – сіздер! Әрқашанда аспандарың ашық, дендерің сау, бақытты балалық шақ және тамаша жазғы демалыс тілейміз! Қадірменді ата – аналар балаларыңызбен бірге қуаныш-шаттыққа кенеле беріңіздер!