Month: Шілде 2021

«Жануарлар әлеміне саяхат»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 мектеп лагерінің оқушыларына арнап «Жануарлар әлеміне саяхат» ойыныны ұйымдастырды. Ойын бірнеше бөлімнен тұрды. «Кімнің дауысы?» атты бөлімде қай жануар мен құстың дауысы екенін табу керек болды. «Жұмбақ құрастыр» бөлімінде жануарлар туралы жұмбақтар жасырылды. Қызыл кітап туралы қысқаша мәлімет беріліп, балалар «Қызыл кітап» неліктен қызыл деп аталады деген сұрақтарға балалар тұшымды […]

«Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасы

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ «Бірлік» бос уақытты қамту орталығының балаларына «Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Жарыс әдебиеттің ертегілер, классика, детектив, шытырман оқиғалар сынды түрлі жанрлары бойынша өтті. Әдеби жарыстарға 3 адамнан 2 топ қатысты. Ойыншылардың міндеті: кітап жолымен жүру, жолда көптеген кедергілерді жеңу және мәреге бірінші болып келу. Жарыс балалар таныс ертегілер бойынша сұрақтарға […]

«Жайнай бер, Нұр-Сұлтан!»

Орталық балалар кітапханасында Елорда күніне орай «Жайнай бер, Нұр-Сұлтан!» кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесіне шолу жасау барысында балақайлар елорда жайында сыр шертетін әдебиеттермен, Нұр-Сұлтан қаласының пайда болу тарихымен және оның көз тоймас көрікті жерлерімен танысты. Одан әрі балалар Қазақстан туралы викторина сұрақтарына жауап берді.