Month: Қыркүйек 2021

«Оқырмандар алқасы»

Жазғы демалыс кезінде ОБК-да «Оқырмандар алқасы» атты акция өтті. Демек, аталмыш акцияда оқырмандар кітапты оқып қана қоймай, сондай-ақ оқыған кітаптарына баға беріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Оқырмандар оқыған кітаптарының өңірбетіне (форзацы) белгілі бір түсті жапсырмалар (стикер) жапсырды. Қызыл түсті жапсырма- «өте керемет кітап!», сары түсті жапсырма – «қызықты, бірақ көңілімнен шықпады», жасыл түсті жапсырма-«тіпті оқудың да […]

«Күзгі жапырақтар»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е. Ракишева «Өркен» шығармашылық зертханасы аясында онлайн форматта төрт мезгілдің ең әдемісі, ең алтыны күзге арналған «Күзгі жапырақтар» балалар суреттерінің арт-көрмесін дайындады. Бейнематериалда Әбілов Әбілхан, Жақып Айтуар және басқа да балалардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Суреттер қағаз бетіне мөлдір түсетін акварель бояуымен және түрлі-түсті қарындаштармен салынған. Сондай-ақ оқырмандар назарына іс-шара тақырыбына қатысты […]

“Үш аю”

Орталық балалар кітапханасы «Сөйлейтін кітап» клубы аясында әлеуметтік желілердің кішкентай тыңдаушыларына арнап «Үш аю=Три медведя» / орыс халық ертегісі бойынша онлайн дауыстап оқу шарасын өткізді

“Отбасы және кітап”

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Татьяна Ракишева Отбасы күніне орай “Отбасы және кітап” көрмесін дайындады. Бейнероликте іс-шара тақырыбына сай ОҚК балалар бөлімінің кітап қорынан жас оқырмандар назарына балалар әдебиеті ұсынылды. Атап айтсақ, А.Баймұхаметовтің «Мені тастамашы, анашым!»; А. Раскиннің «Как папа был маленьким»; Г.Малоның «Без семьи» және т.б. шығармалар көрмеден орын алды. Бейнероликтің толық нұсқасын […]

«Қазақстандық Пришвин»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Максим Зверев-Қазақстан үшін аты аңызға айналған тұлға» буктрейлері бойынша құрастырылған Максим Зверевтің 125 жылдығына арналған «Қазақстандық Пришвин» библиография күнін ұйымдастырды. Іс-шара барысында жас тыңдаушылар Максим Зверевтің өмірі және шығармашылығымен танысты. Іс – шара соңында жас оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Бейнебаянды толығымен біздің әлеуметтік желілерден тамашалай аласыздар.