Month: Тамыз 2022

Білім күнімен!

Мереке зор қуаныш – Білім күні, Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар – өмір гүлі.

«Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек»

Орталық балалар кітапханасында «Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек» тақырыбында әдептілік сағаты болып өтті. Әдептілік ережелерімен таныстыру, достарына, үлкендерге деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Жас дарын» репетиторлық орталығының балалары қатысты. Іс-шара барысында балалар «әдеп», «әдептілік» сөзінің мағынасымен, сондай-ақ әдеп талаптарымен танысты. Көлікте, мектепте, қоғамдық жерлерде телефонмен сөйлескенде өзін-өзі ұстау ережелеріне […]

«Эдуард Успенскийдің ертегілері»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Э. Успенскийдің 85 жылдығына орай «Эдуард Успенскийдің ертегілері» атты квест ойынын өткізді. Жас оқырмандар кітапханашымен бірге жоғалған кітаптарды іздеуге сапарға шықты. Бекеттен бекетке саяхаттаған балалар ертегі кейіпкерлерінің заттарын танып, оларды ертегілеріне еліне қайтарып, кейіпкерлердің жасырған жұмбақтарын шешіп, бәрі бірге қосылып көңілді ән шырқасты. Балалар барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, жоғалған кітаптарды жұмыла […]