Кітапхана арқылы әлемді таны

26 наурыз күні Орталық кітапхананың балалар бөлімінде ашық есік күні өтті.

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында № 13 және 24 мектептің төменгі сынып оқушыларының қатысуымен іс-шара өтті.

Кітапхана қызметкерлері балаларға кітап, білім туралы көптеген мағұлмат беріп өтті. Балалар білім, өнер, кітап туралы мақал – мәтелдер айтып, жұмбақтар шешіп, викторинаға сұрақтарына жауап берді.  Кітапханашы балаларға білімнің адамға оңайлықпен келмейтіндігін, оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет ету керек екендігін түсіндірді.

Шара соңында балалардың назарына слайд және кітап көрмесіне шолу ұсынып, кітап оқуға кеңес берді.

Updated: Наурыз 27, 2019 — 9:50 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған