Суретші кітапханада

This slideshow requires JavaScript.

Наурыздың 19-ы күні Орталық қалалық кітапханадағы балалар бөлімінің ұйымдастыруымен арт-кездесу өткізілді

Шараға №35 мектептің 2 «б», 2 «в» сыныбының және №24 мектептің 5-9 сынып оқушылары шақырылды.

Балалар кітабы апталығы қарсаңында Орталық қалалық кітапханадағы балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Суретші кітапханада» атты  арт-кездесу өтті.

Бұл кездесуге павлодарлық суретші, қызықты адам, дарынды педагог  Александр Иванович Колодин жұбайы Наталья Александровнамен келді.

Шара басында кітапханашы Т.Ю. Хохлова суретшінің өмірбаяны және шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп,  арнайы жасалған слайд,  А. Колодиннің шығармалары бойынша “Творю от сердца” атты кітап көрмесі және оның суреттерінің көрмесін ұсынды.

Александр Иванович өзінің шығармашылығы туралы және өмірде мақсатты қалай қою керектігін, таңдау және оған қалай жету  туралы өте түсінікті айтып берді. Сонымен қатар өз мақсатына қарай жүретін және мақсатына жететін адам қандай болу керек екендігін айтып, жаңа сюжеттер, суреттер  және басқа да тақырыптар қалай пайда болатындығы туралы балалардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ Наталья Александровна Колодина павлодарлық авторлардың шығармаларының жинағынан Александр Ивановичтің бірнеше ертегісін оқып берді.

Кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықпен Алғыс хат табыс етілді.

Updated: Наурыз 26, 2019 — 9:43 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған