«Көбелектер аппликациясы»


Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға «Шебер саусақтар» креативті қолөнер үйірме аясында «Көбелектер аппликациясы» атты шығармашылық мастер-классы өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан “Көбелектер” аппликациясын жасау жолдарын көрсетті.
Балалар аппликацияны жасау үшін картон, қайшы, желім, газеттер қолданды. Шара соңында кітапханашылар Т. Ю. Хохлова мен Т. Е. Ракишева қатысушыларды қолөнер бойынша тақырыптық әдебиеттермен таныстырды.

Updated: Қаңтар 31, 2020 — 11:37 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған