«Кітапхана-таңғажайып кітап әлемі»


ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері №24 мектеп-гимназиясының жазғы мектеп лагерінің оқушыларына саяхат сабағын өткізді. Кітапханашы Т.Е.Ракишева балаларға «кітапхана» ұғымы, кітапхананың қызметі, кітапханаға жазылу тәртібі, кітапхананың жалпы ережелері, жұмыс кестесі, кітап қоры, мерзімді басылымдар, кітап көрмелері жайында қысқаша мағлұмат берді. Балалар назарына «Балалар энциклопедиясы», «Сиқырлы кітап», «Қара мысық» сынды танымал кітаптар, сонымен қатар «Айгөлек», «Маша мен аю» және т.б. мерзімді басылымдар ұсынылды.
Кітапханашы балаларды кітаптармен таныстырғаннан кейін, оларға кітаптарды сақтау және оған ұқыпты қарау керектігін еске салып өтті. Орталық қалалық кітапхананың оқу залында кітапханашы балаларға өлең жолдарымен ертегі кейіпкерлері жайлы жұмбақтар жасырды. Іс-шара балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған «Мен емеспін», сондай-ақ «Әзіл сұрақтар» сынды қызықты ойындармен жалғасын тапты. Сонымен қатар, балақайлар «Патшаның жүру мәнері» атты қимылды ойынына белсене қатысты. Бұл ойында кітапты басына қойып, денеңі тік ұстап, кітапты құлатпау тік жүру қажет. Балалар бөлімінің жас оқырманы Найля Нұрматқызы балалармен денені шынықтыратын ойындар өткізді. Шара соңында жас саяхатшылар «Домики» (кітапхана туралы), «Нехочуха» мультфильмдерін тамашалап, саяхаттан керемет әсер алып қайтты.

Updated: Маусым 10, 2021 — 10:52 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған