«Табиғат достары»

Жаратылыстану-ғылыми әдебиеттерді насихаттау мақсатында Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Табиғат достары» калейдоскоп ойынын ұйымдастырды. «Табиғатпен дос бол» атты кітап көрмесі жасақталып, іс-шараның шырайын келтірді. Іс-шараның бір сарынды емес қызықты бағдарламасы балаларды зеріктірмей, бірден елітіп әкетті. Балалар «Жасыл дәріхана» электрондық ойынында дәрілік шөптердің атауын олардың сипаттамасы бойынша табуға тырысып қана қоймай, сондай-ақ олардың адамға тигізер пайдасы жайында да айтып берді. Сонымен қатар, балақайлар «Қоқысты жина», «Мен орманға барсам», «Блиц-сұрақтар» сияқты қызықты да іс-қимыл ойындарына белсене қатысты.
Іс-шара «Су және ең керемет ғажайып жер» туралы экологиялық ертегіні тыңдаумен жалғасын тапты. Іс-шара табиғат, жануарлар, өсімдіктер туралы көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасаумен өз мәресіне жетті.

Updated: Сәуір 29, 2021 — 3:26 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған