Кітапханаға саяхат

22 – сәуір күні №9 «Радуга» балабақша – гимназиясының «Жұлдыз» ересек «ә» тобының тәрбиеленушілері Г.А. Оспанова мен А.М. Хамитова Орталық қалалық кітапханаға саяхатқа келді.
Саяхат басында балалар кітапхана ережесімен, абонемент бөліміндегі кітап қорымен танысып өтті. Содан соң, оқу залында «Дисней» кітаптары», «Әлемдегі таңғажайып кітапханалар» және «Таңғажайып кітаптар» атты бейнероликтерді тамашалады.
Экскурсия соңында жас оқырмандар балалар бөлімімен танысты. Балалар бөлімінде кітапханашы Т.Ю. Хохлова балаларға дыбысты, көркемсуретті, көлемді балаларға арналған кітаптарға шолу жасады.

Updated: Сәуір 24, 2019 — 6:18 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған