Орталық қалалық кітапханада экскурсия өтті

8 – сәуір күні №23 «Балауса» балабақшасының «Жұлдыз» бен «Таңшолпан» топтарының тәрбиеленушілері Орталық қалалық кітапханаға саяхатқа келді.

Экскурсия балалар бөлімінен басталды. Кітапханашы Т.Ю. Хохлова балаларға дыбысты, көркемсуретті, көлемді балаларға арналған кітаптарға шолу жасады. Сондай – ақ, жас оқырмандар балалар бөлімі жазылған балалар журналдарымен танысты.

Шараның келесі бөлімінде библиограф М.Қ. Әлкен саяхатқа қатысушыларға абонемент бөлімінің кітап қорымен таныстырып, оқу залында олардың назарына «Дисней» кітаптары», «Таңғажайып кітаптар» атты бейнероликтер ұсынды.

Updated: Сәуір 8, 2019 — 7:53 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған