«Бұл қай қала, бұл қай көше?»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова Екібастұз қаласының күніне орай «Бұл қай қала, бұл қай көше?» атты өлкетану ойынын өткізді. Ойынды бастамас бұрын жүргізуші сүйікті шаһарымыздың көрікті жерлері, туған қаламыздың тарихы, сондай-ақ Екібастұз өңірінің танымал тұлғалары жайында айтып өтті. Балаларға қала туралы қысқаша мағлұмат берілген соң, кезек ойынға да келіп жетті. Жүргізуші балаларға логикалық сұрақтар қойып, қала ескерткіштері мен көшелері туралы жұмбақтар жасырды.
Тақырыпқа сай жасақталған «Бұл қай қала, бұл қай көше?» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Updated: Маусым 10, 2021 — 4:42 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған