«Қазақ өнерінің қайраткері»


Қазақ кескіндемеснің класигі Қанафия Телжановтың туғанына 95 жыл толуына орай орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақ өнерінің қайраткері» атты библиография күнін өткізді.
Қанафия Телжанов қазақ монументалды кескіндемесінің негізін салушылардың бірі болып саналады. Дала халқының дарынды ұлы Қанафия Темір-Болатұлы кескіндемеде ұлттық мінездеме беріп өзге ұлт өкілдерін, өз өнеріне бетбұрғызған суретші. Оның көркем туындыларының құндылығы эпикалық кеңдігімен, халықтың дәстүрлігімен, философиялық мазмұны мен мәнінің тереңдігімен өлшенеді.
Библиограф С.Тұрсынханова келген қонақтарға Телжановтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы, өмірден алынған қызықты деректерімен бөлісті. Сондай-ақ «Қанафия Телжанов – қазақтың белгілі кескіндеме шебері» атты бейнероликті тамашалады.

Updated: Қазан 20, 2022 — 11:47 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған