«Аспан көгіндегі есімдер»

Дүниежүзілік ғарышкерлер күніне орай орталық балалар кітапханасында «Аспан көгіндегі есімдер» атты астрономиялық кеш болып өтті.
Балаларды ғарышкерліктің пайда болу және даму тарихымен таныстыру, ғарышқа тұңғыш жол салушылар туралы түсініктерін кеңейту, ғылым мен техника жетістіктеріне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған астрономиялық кешке «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында жүргізуші ғарышты алғаш бағындырған ғарышкер, ғарышқа ұшқан иттер – Белка мен Стрелка, Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері, астрономдар мен физиктер жайында сөз қозғады. Балалар викторина тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ балалар ғарышкерлік қауіп пен таңғажайып саяхатты біріктірген ерекше мамандық иесі – ғарышкерлерге көптеген сынақ пен талаптар қойылатындығын, барлығынан мүлт етпей, үздік өткен үміткерлер ғарышқа ұшуға мүмкіндік алып, болашақта ғарышкер атанатындығы жайында біліп, зерделеріне тоқып алды. Сонымен қатар, балаларға ғарышкерлік жайында қызықты мультфильм көрсетілді.
Іс-шара соңында күн тақырыбына сай жасақталған «Ғарышты алғаш бағындырған ғарышкерлер» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітап көрмеге 20–ға жуық кітап қойылды.

Updated: Сәуір 11, 2022 — 3:33 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған