«Аққулар ұйықтағанда»

Биыл ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Аққулар ұйықтағанда» атты онлайн поэзия кеші өткізілді.
Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы жарияланды. Композиция жағынан поэма үш тарауға бөлінген. Бейнеролик барысында поэманың қысқаша мазмұны баяндалды. Поэмада халықтың ұғымындағы қастерлі, киелі болып саналатын аққу құс туралы аңызды негіз етіп алған.

Updated: Ақпан 4, 2021 — 11:52 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған