«Қазақстан – достық шаңырағы»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Бектасова «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық шаңырағы» атты ойын бағдарламасын ұсынды. Елімізде орын алған шектеу шараларына байланысты іс-шара онлайн форматта өтті.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, бейнебаян дайындалды.
Аталмыш ойын бағдарламасында жас желі қолданушыларға мақал-мәтелдердің жалғасын табу, сондай-ақ берілген сұрақтарға жауап іздеу ойындары ұсынылды. Сонымен қатар, бейнабаянда осы айтулы күннің тарихы туралы қысқаша мәліметтер келтірілді.
Кітап көрмеге «Көркемсуретті Қазақстан тарихы»,«Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан» және «Менің елім Қазақстан» атты балаларға арналған энциклопедиялар, Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан – Отаным», «Мен – Қазақстан азаматымын»,«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат», Алмат Исаәділдің «Мен қазақтың баласы!», Байбота Қошым-Ноғайдың «Достық жоралғы» және т.б. кітаптар қойылды.

Updated: Сәуір 27, 2021 — 10:09 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған