Бар білімнің қайнар көзі – кітап

4 сәуір күні № 4 балалар кітапханасында  «Бар білімнің қайнар көзі – кітап»  атты   әлеміне саяхат  өткізілді.   Кітапханаға жас оқырмандар шақырылды.

Шара барысында балаларға кітапханаға саяхат жасап,  кітапхана ережелерімен, оқу залымен, абонемент туралы, керекті  кітапты  қордан қалай табуды көрсете отырып толықтай мәлімет берді.

Сондай-ақ  балаларға кітаптың шығу тарихы жөнінде мәліметтер беріліп, кітап пен жазу туралы жұмбақтар жасырылды. Оқырмандар өздері әзірлеп келген өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында кітапханашы Г.Ж. Букеева балаларға арналған танымдық әдебиеттерге шолу жасады.

Саяхат балаларға қызықты өтті. Барлығы  ризашылықтарын  білдіріп, кітапханаға  жие келіп тұратындарын айтты.

Updated: Сәуір 5, 2019 — 7:00 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған