«Табиғаттың өзі емші»

Орталық балалар кітапханасы №21 ЖОМ-нің жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Табиғаттың өзі емші» атты пайдалы кеңестер сағаты болып өтті.
Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар қатысты.
Іс-шара басында оқушылар дәрілік өсімдіктер туралы ертегіні тамашалап, ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жүргізуші түрлі пайдалы өсімдіктер туралы баяндап, олардың қайда және қалай өсетіндігі жайында біраз сөз қозғады. Балалалар өздері білетін пайдалы өсімдіктер жайлы мәліметтермен бөлісіп, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде мамандармен кеңесіп қана қолдануға болатындығын еске салды. Осылайша, балалар пайдалы өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейтіп, білімдерін байытып қайтты.
Көрнекілік құрал ретінде «Жасыл дәріхана» атты кітап көрме жасақталды.

Updated: Маусым 8, 2022 — 3:40 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған