Жаз! Көше! Кітапхана!

1-маусым Балаларды қорғау күніне орай Орталық балалар кітапханасы «Кеншілер» паркінде балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Кітап сізге қонаққа келді!» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, білім әлеміне саяхат жасады. Көрменің «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты бөлімдерінде балаларға ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедилар ұсынылды. Көрмемен танысуға ата – аналар, мектеп оқушылары және қалалық мешіттің жазғы лагерінде білім алушы балалар келді.

Updated: Маусым 3, 2019 — 11:53 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған