Халықаралық отбасы күні!


Құрметті достар!!!
Бүгін жарық дүниедегі ең жақын жандарымыздың төл мерекесі.
15 мамыр — халықаралық отбасы күні.
Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген.

Отбасы – шағын мемлекет, тәрбие бастауы деп бекер айтылмаған. Отбасында «бес жасқа дейін патшадай сыйла, он бес жасқа дейін құлша жұмсап, он бес жастан кейін досыңдай сырлас» деп тәрбиеге мән берген. Отбасы – қашанда қуаныш пен шаттықтың ордасы. Отбасындағы асыл ойды салмақтаған, шаңырақтың керегесі кең, мықты болуын аңсаған ата-аналарымыз аман болсын! Әрбір отбасында қайғы-қасірет, дерт болмасын! Ананың жүрегінен жылулық, әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін дей тұра, Сіздерді Отбасы күнімен құттықтаймыз! Отбасы күні көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге мызғымас денсаулық, мол бақыт, болашаққа зор сенім, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Updated: Мамыр 14, 2020 — 10:11 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған