“Пушкинмен балалық шақтан таныспыз”

Ақын Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жыл толуына орай Орталық балалар кітапханасында әдеби ойын өткізілді.
Кітапханашы ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы айтып өтті.
Жазғы демалыс лагерінің балалары әдеби викторинаға, ертегілері бойынша ойынға “Сиқырлы сандық”, «Сөйлемді жалғастыр», жұмбақтардың шешуін тауып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалар өздерінің алғырлығымен қатар, ақын жайлы көп білетіндерін көрсете білді.
Шара соңында «Мой Пушкин, каждою строкою я говорю с тобой…» атты әдеби кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Updated: Маусым 7, 2019 — 9:21 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған