«Ғылым және қиял»


Орталық балалар кітапханасында «Ғылым және қиял» атты кітапхана сабағы болып өтті. Аталмыш шараға №1 мектеп-гимназиясының оқушылары, ұстаздар және оқырмандар қатысты. Атақты ғалымдар мен жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығының арқасында балалар қиял мен ғылымның бір-біріне ете жақын екенін білісіп, сондай-ақ авторлардың энциклопедиялық білім мен баяндаушының нағыз талантын араластыру қабілетінің арқасында пайда болған әдебиеттің алуан түрлілігімен танысты. Одан әрі шара атақты жазушылардың оның ішінде М. Твен, К.Чапек, Л. Кэрролл , В.И. Даль және т.б. ғылыми-тәжірибелік әдебиеттер жайында сөз қозғаумен жалғасын тапты. Шара барысында балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді.

Updated: Қараша 18, 2022 — 10:07 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған