Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасы жаңа кітаптармен толықты!


Ағылшын жазушысы Холли Веббтің балаларға арналған кітаптары кеңінен танымал. Холли Вебб кітабындағы оқиғалар эмоцияға толы, оқырмандарды еліктіріп, сондай-ақ оларды қарапайым тілімен ұйытып әкететін қасиетімен ерекшеленеді. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол. Балаларға арналған кітап хикаялары. Смартфондағы мультфильмдер мен ойындардан асып түспесе кем емес.
Холлидің кейіпкерлері өте сүйкімді және қарапайым. Қаламгер қаламынан туған шығармалардың тілі жеңіл, оқиғалары қызықты, сюжеттік шешімдері тосын, күлкілі жағдайларға, елең еткізер сәттерге, мейірімділік пен нәзіктілікке толы. Холли Веббтің кітаптары жас буынды достықты бағалауға, өзара жауапкершілік пен қамқорлыққа тәрбиелейді.
Егер Сіздің балаңыз 6+ болса, біздің кітап қорымыздағы Холли Веббтің кітаптарын оқуға кеңес береміз!

Updated: Қаңтар 8, 2021 — 12:06 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған