“Жаңа жыл ертегіде қонақта”


Қысқы демалыс шеңберінде №24 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларымен Орталық қалалық кітапхананың оқу залында балалар бөлімінің қызметкерлері Т. Е. Ракишева мен Т. Ю. Хохлова “Жаңа жыл ертегіде қонақта” атты жаңа жылдық ойын-сауық күнін өткізді.
Кітапханашы Т. Е. Ракишева барлық қатысушыларды құттықтап, басқа елдердегі Жаңа жыл мен Рождество мерекелерінің қалай өтетіні жайлы айтып берді. Балалар қызықты, қозғалмалы ойындар ойнап, әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, тақырыптық тапсырмалардың шешуін тауып, “Ну, погоди! 8 шығ.” атты мультфильмін тамашалады. Шара соңында балаларға кітапхана бөлімдеріне экскурсия жасалып, “Жаңа жылмен” атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Updated: Қаңтар 9, 2020 — 10:44 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған