«Үмытылмас ерлік»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде, Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған шараға «Екібастұз қаласының тұрғындарына әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі» ҚММ – нің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсету бөлімінің» балалары мен әлеуметтік қызметкерлері шақырылды.
Кітапханашы Т. Е. Ракишева қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының батырлары М. Мәметова, А. Молдағұлова, Р. Қошқарбаев, Н. және батыр-балалар Л. Голикова, З. Портновой, К. Кравчук және т.б. ерен ерліктері жайлы баяндады. Барлық әңгіме иллюстрациялы слайдтармен сүйемелденді. Балалар Отан туралы, ерлік жайлы мақал-мәтелдерді еске алып, “Соғыс туралы не білеміз?” атты викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар “Ұлы Отан соғысының Қазақстан-батырлары”, “Әлия Молдағұлованы еске алу”, “ҰОС пионер-батырлары” атты бейнероликтер көрсетілді.
Кітапханашы Т. Ю. Хохлова балалармен әр түрлі ойындар өткізді. Шара соңында атаулы кітап көрмесіне шолу жасалды.

Updated: Мамыр 3, 2019 — 6:55 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған