Мастер-класс


Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Шебер саусақтар”атты креативті қолөнер үйірмесінің мастер-классы өтті. Бұл жолы қыздар сәндік доп жасады.
Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі түсті жіптерден бөлменің интерьері үшін ерекше әшекейлер жасау жолдарын көрсетті. Заттарды бисермен, ленталармен безендіріп, үйірме мүшелері сұлулығымен, жеңілдігімен және ерекшелігімен қуантта білді. Шара соңында кітапханашы Т.Ракишева балаларды жаңа басылымдармен таныстырды.

Updated: Қазан 15, 2019 — 2:35 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған