«Мультфильм елінен келген пойыз»


Орталық балалар кітапханасында «Мультфильм елінен келген пойыз» атты мультимедиялық әдеби сағат болып өтті. Балалардың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №35 орта мектеп оқушылары қатысты. Библиограф С.Ж.Тұрсынханова балаларды пойызбен мультфильмдер еліне саяхат жасауға шақырып, балалармен «Мультяшково» станциясына сапарға аттанды. Мұнда саяхатшылардың назарына сюжеттері сүйікті мультфильмдеріне негіз болған кітаптар ұсынылды. Викторинаның сұрақтарына жауап берген балалар пойыз жүргізушісін таңдап, сапарларын одан әрі жалғастырды. Жолда бәрі бірге қосылып, мультфильмдердегі әндерді шырқады.
«Отвечайкино» станциясында мультфильм бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген балалардың арасынан жүргізушінің көмекшісі таңдалды.
Келесі «Величайкино» станциясында мультфильмдегі кейіпкерлердің аттарын естеріне түсірді.
«Составляйкино» станциясында оқушылар екі командаға бөлініп, сайысқа түсті. Ең жылдам және ең ақылдылар пойыздың диспетчері болды.
«Выбирайкино» станциясында балалар батырлар туралы жаңа мультфильмдерді қаншалықты білетіндерін көрсетті.
«Отгадайкино» станциясында мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті. Жұмбақтың дұрыс шешуін тапқан бала пойыздың құрметті жолаушысы атанды. «Обявляйкино» станциясында балалар ертегі газетіндегі хабарландыруларды оқып, өздерінің сүйікті мультфильмдеріндегі кейіпкерлердің қайсысы осы хабарландыруды жариялауға лайық екендігін айтты.
Көңілді сапар шегу барысында мультфильм туралы викторина сұрақтарына жауап берілді, ойындар ойналды, әндер шырқалды. Осылайша, сапарымыз өз мәресіне жетті.
Іс-шараның соңында балалардың назарына «Кітап мультфильммен дос» атты кітап көрме ұсынылып, көрмеге шолу жасалды.

Updated: Маусым 8, 2022 — 3:36 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған