«Астрид Линдгреннің кітап беттерінен»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Астрид Анна Эмили Линдгреннің 115 жылдығына орай 10 ЖОМ-нің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Астрид Линдгреннің кітап беттерінен» интерактивті ойынын және Е.Вельтистовтың «Приключения Электроника» кітабы бойынша «Жол сандықтан шыққан бала немесе қалай адам болу керек» викторинасын өткізді.
Іс-шара барысында балалар автордың шығармашылық өмірінен сыр шертетін «Алтын топтама» бейнесін тамашалады. Интерактивті ойын 5 бөлімнен тұрды, әрқайсысында 5 сұрақтан тұрды.
Сондай-ақ іс-шара Е.Вельтистовтың «Приключения Электроника» кітабы бойынша викторина өткізумен жалғасын тапты. Балалар кітап бойынша сұрақтарға белсене жауап берді.
Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан берілді. Ең көп жетон жинаған қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Updated: Сәуір 22, 2022 — 10:20 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған