«Ерте үзілген ән»


Орталық балалар кітапханасында №24 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Ерте үзілген ән» тақырыбында портрет кеші болып өтті. Шара барысында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Кербұғы» повесі бойынша буктрейлер көрсетілді. Буктрейлерді тамашалап болған соң, оқушылар жазушының повесін талқылап, шығарма жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында «Оралхан Бөкейдің әдеби әлемі» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Updated: Мамыр 19, 2023 — 4:44 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған