«Кітап үйіне шақырамыз»


Бүгін №1 “Ромашка” балабақша дамыту орталығының 3-ші даярлық тобының балалары Орталық қалалық кітапханаға саяхатқа келді.
Кітапханашы Т.Хохлова балаларды фойеде қарсы алып, кітапхана жайлы айтып берді. Сонымен қатар кітапхананың оқу залында “Барлығы ертегі туралы ғана емес” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар “Сиқырлы кітап”, “Ашылмалы кітапша”, “Ертегілер елінде” және т.с.с. сериялар аясында жарық көрген әдебиеттермен қызығушылықпен танысты. Сондай – ақ, дыбысты кітаптардың, ертегі кітаптардың және балалар журналдарының құрылымымен танысты.
Саяхат соңында В. Сутеевтің “Алма” және “Сиқырлы таяқша” атты мультфильмдері көрсетілді. Балалар бүгінгі саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп, жақын арада кітапханаға келіп, тұрақты оқырмандары болатындарын айтты.

Updated: Қаңтар 21, 2020 — 3:42 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған