«Кірді жеңген су мен сабын»


Орталық балалар кітапханасында «Кірді жеңген су мен сабын» атты тазалық сабағы болып өтті. Балаларды денсаулықты сақтауға үйрету, тазалық туралы түсініктерін молайту, тазалық пен ұқыптылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ойын түрінде өтті. Кітапханашы балалармен бірге тазалық және гигиенаның таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Сондай-ақ балалар «Мойдодыр» мультфильмінен үзінді тамашалады. Іс-шара барысында балалар тазалық жайында жасырылған жұмбақтарды шешіп, түрлі танымдық конкурстар мен ойындарға қатысты. Шара соңында кітапханашы оқу залында жасақталған «Денсаулық – басты байлық» атты кітап көрмеге шолу жасады. Аталмыш шара өте қызықты өтті. Балалар тазалық туралы білімдерін кеңейтіп, пайдалы мәліметтерді ойларына түйіп қайтты.

Updated: Қазан 22, 2022 — 9:25 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған