“Құстар достар”

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының ұжымы №25 қыздар гимназиясының “Кәусар бұлақ” жазғы лагерінің балаларына арналған “Құстар достар” атты танымдық сағатын өткізді.
Іс – шарада табиғаттың бір бөлігі құстар туралы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері айтылды.Оқушылар құстарға байланысты халық болжамдарын айтты .Одан кейін балаларға «Құс пен түлкі» атты мультфильмін ұсынылды . Балалар өте белсенді қатысып, берілген сұрақтарға жақсы жауап берді. Қатысушы оқушылармен бірлесе отырып «Ақ көгершін» әнін караокемен шырқады.
Келесі күні №22 мектеп «Арай» лагерінің оқушылары.келіп,іс – шараға катысты. Қойылған сұрақтарға, жұмбақтар мен мақал –мәтелдерге кідірместен жауап айтып отырды.

Updated: Маусым 14, 2021 — 2:34 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған