«Отбасы – ұлттың тірегі»

Орталық балалар кітапханасының ұжымы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» атты онлайн тәрбие сағатын өткізді. Іс – шара төрт кезеңнен тұрды.
1.Таныстыру (отбасымен таныстыру)
2. «Ашық микрофон» (балаларға отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады)
3. «Менің отбасым – менің байлығым»(әркім өз өнерлерін көрсетеді)
4. «Сіз балаңызды қаншалықты жақсы білесіз? (бұл бөлім ата-аналарға арналады)
Іс – шараға Солтанбаевтар мен Адамовтар отбасы қатысты. Әр отбасы өздерін таныстырып өтті. Содан кейін отбасы мүшелері қойылған сұрақтарға жауап берді. Олардың берген жауаптарын тыңдап, отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар екендігі байқалды. Соңғы бөлімде ата-аналар бала тәрбиесіне аса ден қоятындарын айтып ағынан жарылды. Кітапхана ұжымы шараға қатысқан екі отбасына алғыстарын жаудырып, балаға көп уақыт бөліп, бағыт-бағдар беріп, баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріп отыру керектігі жайлы сөз қозғалып, бала тәрбиесіне қатысты бірнеше кеңестер берілді.

Updated: Мамыр 12, 2021 — 11:38 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған