Үздік оқырмандар шоқжұлдызы

Сәуір айының 2 жұлдызында Орталық балалар кітапханасында библио-шоу өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының соңында Орталық балалар кітапханасы “Үздік оқырмандар шоқжұлдызы” атты Библио-шоуға өз оқырмандарын шақырды.

Кітапханашылар оқырман формулярларына мұқият талдау жасап, ең белсенді оқырмандарды анықтады. Олар жасы, қызмет түрі, қызығушылығы бойынша әр түрлі. Оқырмандарды марапаттау бірнеше номинациядан тұрды: “Жас оқырман”, “Оқуға тарту”, “Шығармашылық ынтымақтастығы үшін”, “Ең білімпаз оқырман”, “Тіл жанашыры”, “Оқу залының көшбасшылары”, “Кітап және кітапхана досы”, “Отбасылық дуэт”, “Ең көп оқитын мектеп”, “Оқырман тәжірибесі”, “Балалар кітаптарының үздік оқырманы”.

Сонымен қатар бүгінгі шараның «Орталық балалар кітапханасының – ең үздік оқырманы” болып Исмаилов Кәрім ие болды. Кәрім өзінің «сегіз қырлы, бір сырлы» екенің көрсете білді.

Іс-шара барысында балаларға “ертегілердің әдеби кейіпкерлері” және “фэнтези әлемі”атты викториналар ұйымдастырылды.

Шара соңында кітапханашылар оқырман балаларға ризашылықтарын білдірді, сонымен қатар кітапқа деген достықтарымен сүйіспеншілігін нығайта түсулерін сұрады.

Updated: Сәуір 3, 2019 — 2:44 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған