“Ғажайыптар елі”

Ақын, балалар кітаптарының авторы И.Токмакованың туғанына 90 жыл толуына орай №8 «Теремок» балабақшасының «Балдырған» тобымен «Дауыстап оқитын тыңдаушы» клубы аясында Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері “Ғажайыптар елі” атты дауыстап оқу өткізді.
Дауыстап оқу барысында кітапханашы Г.Сарымова ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыра отырып, әдебиетке келуіне себеп болған ұлы ақын А. С. Пушкиннің өлеңдері арқау болғанын айтып өтті. Содан соң балаларға «Аля, Кляксич и буква А» кітабына көңілдерің аударып, ақынның әңгімелерін оқып берді.

Updated: Қазан 23, 2019 — 12:59 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған