«Техноум»

Орталық балалар кітапханасының оқу залында техникалық әдебиеттерді насихаттау мақсатында электронды ойын өткізілді. Оқу залында №35 ЖОББМ оқушыларына арнайы «100 сұрақ – 100 жауап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жүргізуші Н.Урумбасарова оқушылармен бірге электрондық ойын ойнады. Ойын сұрақтары 4 тақырыпқа арналды: «Заманауи байланыс», «Автомобильдер әлемі», «Космонавтика», «Ертегілердегі техника». Балалар сұрақтарға белсене жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Мысалы: Гаджет сөзінің мағынасы? Бір терабайтта қанша мегабайт бар? Әлемдегі ең үлкен автомобиль қандай? Қазақстанның қай қаласы ғарыш айлағы болып табылады? Барон Мюнхгаузен немен ұшты? Мысық Леопольдтың сүйікті көлік түрі және т.б. сияқты қызықты сұрақтар қойылды.
Қатысушыға әрбір дұрыс жауабы үшін жетон берілді. Іс-шара соңында жеңімпазға сыйлыққа кітап тарту етті.

Updated: Сәуір 14, 2021 — 11:38 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған