«Витаминкада қонақта»

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай №10 ЖОМ қабырғасында орталық балалар кітапханасының кітапханашылары «Витаминкада қонақта» атты кітапханалық квилт өткізді.
Балаларға дәрумендер туралы түсінік беруге, балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін және олардың денсаулыққа пайдасын түсіндіруге арналған іс-шараға №10 ЖОМ-тің оқушылары қатысты.
Аталмыш квилттің аясында балалар дәрумендер және олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы, сондай-ақ олардың құрамындағы өнімдер жайлы көптеген мағлұматтар алды. Жүргізуші балаларды құнды мәліметтермен ақпараттандырған соң, «Жеміс-көкөніс викторинасы» тапсырмаларын орындауға шақырды. Балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, қойылған сұрақтарға жауап қайырып, дене шынықтыратын жаттығулар жасады. Сондай-ақ балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту мақсатында «Жарманы сұрыпта» ойынын өткізді. Орталық балалар кітапханасының кітапханашылары адам ағзасында минералды заттардың болу қажеттілігі жайлы баяндап, тағы басқа да көптеген қызықты және танымдық ақпараттармен бөлісті.
Жұмбақтарды шеше отырып, балалар тақтаға дәрумендерге бай жемістер мен көкөністер түріндегі стикерлерді жапсырды. Нәтижесінде «Адам өміріндегі дәрумендердің маңызды рөлі» жайлы сыр шертетін көрнекі квилт пайда болды.
Көрнекілік құрал ретінде «Дәрумен әліппесі» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

Updated: Сәуір 8, 2022 — 1:38 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған